Мобильді қосымша

Мобильді қосымша жасау бағасы неге байланысты?

Мобильді қосымша жасау бағасы неге байланысты?

Мобильді қосымша жасау қанша тұрады?

Мобильді қосымшаның дайын бағасы жоқ: бағаны қосымшаның қандай жұмыс атқаратыны анықтайды. «Тапсырыс қосымшасы» бірнеше экраннан тұруы да, онлайн төлемі, картасы және бонус жүйесі бар үлкен жоба болуы да мүмкін. Сондықтан алғашқы қадам — функциялар тізімін жазу, баға содан кейін шығады.

Мобильді қосымшаның бағасына не әсер етеді?

  • Платформа: тек iOS, тек Android немесе екеуі де. Екі платформа — көбірек жұмыс.
  • Экрандар мен функциялар саны: тіркелу, каталог, себет, профиль, тапсырыстар тарихы — әрқайсысы бөлек жұмыс.
  • Арнайы мүмкіндіктер: онлайн төлем, карта, хабарландырулар.
  • Интеграция: қосымша бар сайтыңызбен немесе жүйеңізбен бірдей деректерді қолданса, бұл қосылу да бағаға кіреді.
  • Әкімшілік панель: тапсырыстарды, тауарларды және пайдаланушыларды басқаруға арналған панель.
  • Дизайн: экрандар бағдарламалаудан бұрын жасалып, бекітіледі.

Бағадан тыс нені алдын ала білу керек?

Қосымша дүкенге шыққаннан кейін де жұмыс тоқтамайды. App Store мен Google Play әр жаңартуды тексереді, бұл бірнеше күнге созылуы мүмкін. Дүкен аккаунттары компанияңыздың атына ашылады. Жаңа функциялар мен телефон жүйелерінің жаңартулары кейін қосымша жұмысты талап етеді — оларды жоспарға алдын ала жазған жөн.

Мобильді қосымша ма, әлде сайт па?

Клиент сізге жылына бір-екі рет келсе, телефонға ыңғайлы сайт әдетте жеткілікті және арзанырақ. Жиі тапсырыс, бонус пен хабарландыру қажет болса, қосымша пайда әкеледі. Сайт бағасы туралы сайт жасау бағасы мақаласында жаздық.

Қосымшаның нақты бағасын қалай білуге болады?

Қосымша кімге арналғанын және қандай жұмыс атқаратынын жазыңыз. Соның негізінде NLab экрандарды, функцияларды, мерзім мен бағаны жазбаша жоспар түрінде жібереді. Жұмыс кезеңдерін мобильді қосымша жасау бетінен көре аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Мобильді қосымша жасау қанша тұрады?

Баға платформаға, экрандар мен функциялар санына, төлем мен интеграцияға байланысты. Нақты баға функциялар тізімі жазылғаннан кейін белгілі болады.

iOS пен Android үшін бөлек төлеу керек пе?

Екі платформаға арналған қосымша бір платформаға қарағанда көбірек жұмысты қажет етеді. Клиенттеріңіз қандай телефон қолданатынына қарай таңдауға болады.

Қосымшаны дүкенге кім орналастырады?

NLab қосымшаны App Store мен Google Play талаптарына сай дайындап, орналастырады. Аккаунттар компанияңыздың атына ашылады.

Қосымшаңыз үшін жазбаша жоспар мен баға алғыңыз келе ме? Бізбен байланысыңыз.

Соңғы тексеру: 2026 жылғы 24 қараша.

Осы тақырыптағы қызметіміз

  1. Мобильді қосымша жасау

    Клиент тапсырысын, брондауын және бонустарын телефоннан басқарады, жаңалықтарды хабарламалардан біледі. iOS және Android үшін, App Store мен Google Play-ге жариялаумен.

    Мобильді қосымша жасау туралы толығырақ
Барлық мақала

Жобаңызды қысқаша жазыңыз

Не керек екенін нақтылап, жазбаша жоспар мен баға жібереміз.

Жобаны талқылау