Біз жасаған жобалар

Жобаларымызды қалай жасаймыз

Әр жоба бизнес мақсатынан басталады

King Travel үшін мақсат турларды, қонақүйлерді, әуе билеттерін және трансферлерді бір сайтта сату болды; Barkod Electronics үшін — бағалар мен қалдықтарды қолмен жаңартпай көрсету. Туристік платформа, интернет-дүкен немесе корпоративтік сайт болсын — алдымен сайт нені шешуі керегін жазамыз, содан кейін дизайнға көшеміз.

Жылдамдық, қауіпсіздік және ыңғайлы басқару панелі

Біз жасаған сайттар телефонда тез ашылады, іздеу жүйелері үшін дұрыс бапталады және мәтін, сурет, бағаны өзгертуге арналған басқару панелімен тапсырылады. Төлем мен жеке деректермен жұмыс істейтін жерде қауіпсіздік — негізгі талап, қосымша қызмет емес.

Қазіргі жүйелеріңізбен интеграция

1С, банк төлемі, бөліп төлеу және басқа сервистермен байланыс — жобаның қалыпты бөлігі. Дерек бір жерде пайда болып, сайтқа өздігінен жетеді, бір жұмысты екі рет істеудің қажеті жоқ.

Сайтты жаңарту

Bakstone жобасындағыдай, әр жолы нөлден бастау міндетті емес. Қазіргі платформаны сақтап, сайттың көрінісі мен құрылымын жаңарта аламыз.

Жобаңызды қысқаша жазыңыз

Не керек екенін нақтылап, жазбаша жоспар мен баға жібереміз.

Жобаны талқылау